Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта аяғында бірнеше жыл ине жүрген әйелге ота жасалды

Қонаев қаласының тұрғыны 46 жастағы әйел аяғында бөгде зат барын білмеген. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Мөлдір Иманмади
23.04.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: газета-вся-тверь.рф

Фото: газета-вся-тверь.рф

Айтуынша, бірнеше жыл бұрын тізе буыны қақсап ауыра бастапты. Алғашында сүйегі қажалып, жарық ауруына ұшыраған деп болжаған. Кейіннен Қонаев қалалық ауруханасына келіп, дәрігерлер көмегіне жүгінген.

«Осы Қонаев қаласының тұрғынымын. Қазіргі таңда емханада травмотология бөлімінде №3 палатада жатырмын. Дәрігерлерге аяғымның мәселесімен келгенмін. Магниттік-резонанстық томографияға жолдап, мені тексеруге жіберді. Соның нәтижесін көрген емдеуші дәрігерім аяғымның тізе бөлігінде бөгде зат барын айтты. Тігін инесі қай уақытта кіргенін білмеймін. Сезген жоқпын. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бармын. Мәртебемді тексерген соң, жоспарлы отаға дайындай бастады. Ай сайын жарна төлеп отырған соң бәрі тегін болды», — дейді науқас Бақыт Ахметжанова.

Дәрігерлердің айтуынша, науқасқа сәтті ота жасалып, ол бірнеше күннен кейін аяққа тік тұрған. Қазірде оның жағдайы жақсы, үйіне жіберіліпті. Айта кетерлігі, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы дәрігерлері жаз мезгілі жақындаған сайын жарақат алу фактілері жиілейтінін айтып дабыл қағып отыр.

«Ересектермен қатар, балалар арасында жарақат алу жағдайлары көп кездеседі. Жаз мезігілінде кез-келген баланың далада уақытын жиі өткізетіні белгілі. Ойын кезінде жарақаттануы оңай. Сондықтан ата-аналарға жеткіншектерін назардан тыс қалдырмауды сұраймыз», — дейді дәрігер-травматолог Камиль Жалалов.

Дәрігердің сөзінше, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда Қонаевтағы ауруханада күніне 2-3 ота шұғыл түрде де, портал арқылы жоспарлы оталар да жүргізілетін. Бұл тұрғыда медицина мамандарының мәліметінше, МӘМС-тің көмегі зор. Өйткені, сақтандырылған азамат портал арқылы кез келген қажетті медициналық көмегін алып, отасын жасата алады.

Тегтер: МӘМС

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz