Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысында алғаш рет шок толқынды терапия қолданылды

Бұрын соңды болмаған. Қазақстанда алғаш рет медицинада шок толқынды терапия қолданылды. Бұл инфаркт мен инсульттің алдын алады, - дейді мамандар. Жаңа әдісті арнайы аппараттың көмегімен қытайлық дәрігерлер ота жасау арқылы көрсетті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
14.03.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалық

Бұл туралы ӘМСҚ Алматы облысы бойынша филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, шок-толқындық терапия ишемиялық жүрек аурулары кезінде қажет. Елімізде әдіс алғаш рет Алматы облысында қолданылды. Алдымен қытайлық дәрігерлер коронарлық тамыр-ішілік литотрипсияның барысын, күресу жолын түсіндіру мақсатында ақ халаттыларға шеберлік сағатын ұйымдастырды. Жүректің ишемиясы оның ішінде, коронорлық артериялар күрделі зақымдалған кезде қан жүру қиындайды, тамыр тарылады.

«Жаңа технология бойынша шеберлік сабағын өткізіп жатырмыз, ол баллон ішіндегі литротрипсия деп аталады. Бұл технология ауыр стеноз жағдайларында, әсіресе кальцификаттар кезінде қолданылады, яғни стандартты баллондар арқылы тамырды кеңейту мүмкін болмайтын кезде. Технологияның бастапқы нұсқасы Америкада ұсынылған, ал қазіргі уақытта Қытайда өндірілуде. Қытайдың 15 үздік клиникасында зерттеу жүргізілген», – дейді ЮЙ СЯО ЛИНЬ СИНЬЦЗЯН жүрек-қан тамырлары және панваскулярлық медицина институты кардиология бөлімінің дәрігері

Шеберлік сағат артынша мамандар аппараттың қолданылу жайын ота жасау барысында таныстырды. 75 және 47 жастағы екі науқасқа ота жасалды. Қазір науқастардың жағдайы тұрақты. Жаңа тәсіл Қарасай аудандық көпбейінді клиникалық ауруханасында жүзеге асты. Мекемеде эндовоскулярлық хирургия 2022 жылы ашылған. МӘМС және ТМККК шеңберінде 2023 жылы жүрек ишемиясына 740, 2024 жылы 953 ота тегін жасалды. Бұл жыл сайын дерттің дендеп келе жатқанын көрсетеді.

«Осыған дейін бұл аппаратқа аналог түрінде пациенттерді ем алуға Кардиология институтына жолдамамен жолдайтынбыз. Енді біз мұндай медициналық құрылғыны өзімізге алатын болсақ, ондай оталарды аурухана қабырғасында жасай береміз. Бүкіл әлемде қолданылатын аппарат толқынмен соққылау, коронарлық тамырлары кальциймен күрделі зақымданған науқастарды емдеу кезінде қажет. Бұл науқастың дер кезінде толыққанды емделуіне септігін тигізеді. Шеберлік сабағы дәрігерлердің кәсіби дамуы үшін үлкен мүмкіндік туғызды», – дейді Қарасай аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі Орынбасар Тайманұлы.

Шок-толқынды терапия АҚШ, Еуропа елдерінде қолданылды. Қан айналым жүйесі зақымданған науқастарға енді жаңа мүмкіндік. Бұл ауру қырықтан асқан азаматтарда жиі байқалады, – дейді мамандар. Алда Алматы облысында мұндай ем қолданылатын болса, шұғыл жағдайда Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, ал жоспарлы түрде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың аясында тегін түрде азаматтарға қолжетімді болмақ.

Тегтер: МӘМСмедициналық сақтандыру

Соңғы жаңалықтар

ОСК жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетенінің мәтінін бекітті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz