Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында пластик жәшік шығаратын цех ашылды

Ұйғыр ауданында алғаш рет пластик жәшік өндіретін өндірістік цех іске қосылды. Кәсіпорын қайта өңделген шикізаттан сапалы өнім жасап, жылына 600 мың дана жәшік шығара алады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
13.03.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жобаны жүзеге асыруға 50 миллион теңге инвестиция салынып, 10 жаңа жұмыс орны ашылды.

Заманауи технологиялармен жабдықталған өндіріс орны өнімнің беріктігі мен экологиялық тазалығын қамтамасыз етеді. Мұнда жәшіктер халықаралық стандарттарға сай құйылып, барлық тасымалдау және сақтау талаптары қатаң сақталады. Қазіргі өндірістік қуаты ауданның жәшікке деген қажеттілігінің 50 пайызын өтей алады.

Кәсіпорын алдағы уақытта өндіріс көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр. Жаңа құрылғылар орнатылып, жылдық өнім көлемін 1,2 миллион данаға дейін ұлғайту көзделуде. Бұл жоба аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттырып қана қоймай, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және пластик қалдықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік бермек.

Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусизова жаңа өндірістің ашылуы өңір экономикасын дамытуға зор үлес қосатынын атап өтті.

“Бұл кәсіпорын ауданымыз үшін маңызды бастама. Біріншіден, жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылды. Екіншіден, өңіріміздегі өнеркәсіп саласы дамып, пластик қалдықтарын қайта өңдеу арқылы экологияға да оң әсер етеміз. Болашақта осындай өндірістердің саны арта береді деп сенеміз”, – деді аудан әкімі.

Жаңа өндіріс орнының іске қосылуы Ұйғыр ауданының өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жас кәсіпкерлерге үлгі болмақ.

Тегтер: Алматы облысының жағалықтарыБасты жаңалықтарпластик жәшік шығаратын цехҰйғыр ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz