Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Халық қатысатын бюджет»: Қонаевта 20 аумақ абаттандырылады

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2025 жылы 20 аумақ абаттандырылады деп жоспарланып отыр. Қонаев қаласында өткен баспасөз туры барысында Alataunews.kz тілшілері абаттандырылған ауланы көріп қайтты.

Мөлдір Иманмади
03.03.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қалалық әкімдіктің ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, былтыр «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 10 жоба жүзеге асты. Оның қатарында «Гүлдер» балабақшасының, Ш. Уәлиханов атындағы №2 мектеп-гимназияның, «Салтанат» сауда үйінің жанындағы аллеяларды абаттандыру, Восточный, Ивушка, Арна шағынаудандарына балалар алаңын орнату, 7-ші саяжайға көше жарығын тарту секілді жобалар болды.

«Биыл да бұл бағдарлама жалғасын табады. 20 жоба жүзеге асады деп жоспарлануда. Оған бюджеттен 613 млн. теңге қарастырылған. «Халық қатысатын бюджет» – қаланы абаттандыруға, қолайлы етуге арналған бірегей жоба. Қазіргі таңда тұрғындардан өтінім қабылданып жатыр», – деді ТҮКШ бөлімінің басшысы Тимур Ақмырзаев.

Жалпы Қонаев қаласын абаттандыруға аса көңіл бөлінуде. Мысалы, биыл 32 тұрғын үйдің шатыры мен қасбеттері жөнделеді. Сондай-ақ бірнеше көше жарықтандырылады.

Соңғы жаңалықтар

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акжаркын
21.09.2026

«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік пен игі бастама

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz