Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Құлпынай кәмпиті». Мектептердегі жаңа есірткі түрі туралы ақпарат тексерілді

Қазақстандықтар мессенджерлерде балаларға мектептерде және көшеде таратылатын есірткі заты бар құлпынай кәмпиттері туралы қорқынышты ақпаратты жаппай жібере бастады. Қорқынышты ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын ҚР ІІМ тексерді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
07.02.2025
Жаңалықтар, Қоғам

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде  «Құлпынайлы Квик» деп аталатын метамфетамин кәмпиттері үйлердің аулалары мен мектептерде балаларды бейтаныс адамдар тарататыны айтылған.

«Балалар оны кәмпит деп ойлап, оны жұтып қояды және ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіледі. Бұл хатты мүмкіндігінше көп адамға жіберіңіз (тіпті олардың балалары болмаса да), осылайша біз көп адамдарды ескертіп, кез келген трагедияның алдын аламыз деп үміттенеміз», — делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі таратылатын ақпаратты жоққа шығарды.

«WhatsApp чаттарында мектептердегі балаларға «құлпынай квик» кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да тәттілер ұсынылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат таратылады. Алайда, ақпарат жалған екенін ескертеміз», — делінген хабарламада.

ІІМ дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарлар тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жазаланатын іс-әрекет екенін еске салды. Қазақстандықтарды әртүрлі хабарламаларды тарату кезінде мұқият және жауапты болуға және расталмаған ақпаратқа сенбеуге шақырады.

Айтпақшы, бұл Қазақстанда таралатын «есірткі қосылған кәмпиттер» туралы алғашқы миф емес. Бұл ақпарат 2022 жылыда тараған болатын. Белгілі болғандай, «құлпынай есірткісі» туралы миф АҚШ-та 2007 жылы пайда болған. Сол кезде американдық бұқаралық ақпарат құралдары есірткі сатушылар жасөспірімдерді тарту үшін есірткі кәмпиттерін жасайды деген ақпаратты кеңінен талқылады. Алайда полиция бұл қауесеттерге нақты дәлел таппады.

Тегтер: Басты жаңалықтаресірті қосылған кәмпиттерклубничный квик

Соңғы жаңалықтар

Кеген ауданында ірі өндіріс орындары салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2026

Алматы облысында қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысы басталды

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2026

Қытай инвесторлары Қазақстанның агросекторына қызығушылық танытты

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

Алматы облысында шегірткеге қарсы ауқымды науқан басталады: 1,8 млн гектар жер бақылауға алынады

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

Қонаевта денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланды

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz