Егер 2014 жылы жылжымайтын мүлікті жалға алу 1 шаршы метрге орта есеппен 1,2 мың теңгені құраса, 2023 жылы – 4,8 мың теңгеге (+3,9 есе) жетті.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 10 жыл ішінде баға біртіндеп өсті. Тек 2016 жылы ғана, баға шамалы түсті (0,2%). Бұдан кейінгі жылдары 2020 жылға дейін өсім 10% — дан асқан жоқ.
Ал 2021 жылы жалға алу құны күрт өсті. 2020 жылмен салыстырғанда екі есе қымбаттап, шаршы метріне 3,2 мың теңгеге дейін өсті.
Ал 2022 жылы тұрғын үйді жалға алу одан да қымбаттады шаршы метрі үшін 4,6 мың теңге болды. 2023 жылы жалдау құны 4,8 мың теңгеге дейін өсті.
Егер өткен жылды қарастыратын болсақ, 2024 жылдың қараша айында қазақстандықтар орташа есеппен 1 шаршы метр тұрғын үйге 4,5 мың теңге төлеген. Бұл 2023 жылдың осы айымен салыстырғанда 7%-ға қымбаттаған деген сөз.
Ең жоғары бағалар – Алматыда (шаршы метріне 5,4 мың теңге), Астанада (4,6 мың теңге) және Қарағандыда (4,2 мың теңге).
Ең арзан тұрғын үйді Тараздан – 2 мың теңге, Ақтөбеден – 2,3 мың теңге және Қызылордадан – 2,4 мың теңгеге жалға алуға болады.