Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаев қаласында бір баланы мектепке дайындау үшін ең азы 50 мың теңге кетеді

Еліміз бойынша жаңа оқу жылына қызу дайындық басталып кетті. Жақында ғана облыс орталығына айналған Қонаев қаласында мектеп формасы, оқу құралдары, жалпы бір баланы мектепке толық даярлау құны қанша тұрады, Alataunews.kz тілшілері зерттеп қайтты.

10.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Қаладағы киім-кешек дүкенінде бағалар мынадай:

  • қыздарға шалбар – 1800 тг;
  • ақ жейде – 5000 тг;
  • пиджак – 3700 тг;
  • спорт киімі (қыз, ұл) – 7000 тг;
  • сарафан – 4000 тг;
  • белдемше – 1650–3250 тг аралығы;
  • аяқ киім, спорттық аяқ киім – 6000–10000 тг аралығы.

«Бес балам бар. Оның төртеуі мектеп оқушысы. Бәрін бірдей бастан-аяқ киіндіре бермейміз. Біреуін биыл киіндірсек, ендігі жылы басқасының киімін түгендейміз. Оның үстіне, сәл мөлшері үлкенірек киім аламыз, екі маусымға жарау үшін. Бірақ, бала болған соң жыртып алады, іліп алады, тез тоздырады. Сондай жағдайларда екі қайтара киім алуға тура келеді. Азық-түлік бағасы да шарықтап, өртеніп тұр. «Мектепке жол» акциясымен берілетін киімдердің сапасы нашар. Өзім казиноның бірінде аспазбын, күн-түн демей жұмыс істейміз. Бала-шағама үлкенім ие боп отыр. Күйеуім екеуміз қанша шапқыласақ та, төрт құбыламыз түгел деп айта алмаймын. Бұдан бөлек, коммуналдық қызметтерге ақша төлеуіміз керек, тағысын тағы. Бітпейтін, дөңгеленіп шыр айналған осындай тіршілікті сүріп келеміз», — дейді 4-саяжай тұрғыны Ирина.

Сатушылардың айтуынша, әлемде геосаяси жағдай ушыққалы киім-кешек едәуір қымбаттаған. Кәсіппен айналысатындардың өзі баға қымбаттаған соң сапалы киімдерді сатуды қойып, арзанқол, қолжетімді киімдерді сатуға көшкен. Көтерме бағаның өзі көңіл көншітпейді.

Тағы айта кететін жайт, тұрғындардың айтуынша, Қонаев қаласының халқы балаларын киіндіруге Алматыға барады. Алматыда таңдау да, дүкен, базар да көп. Оқу маусымы жақындағанда, кәсіпкерлер бағаны өсіре қояды. Және бұл биыл ғана болып жатқан жайт емес.

Сонымен, біздің есеп бойынша (күздік, қыстық күртеше, шұлық, қыздарға колготки, күздік, қыстық аяқ киім, ұсақ-түйекті есептемегенде) оқу құралдарына 25000 тг, киімге 60-70 мың теңге кетеді. Ал сапалы киім алып, шырттай болып жүру үшін жоқ дегенде қалтаңызда бір балаға 200 мың теңге болуы керек.

Тегтер: Қонаевмектепоқу жылы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz