Экспортқа тыйым салынған тауарлар тізіміне 335 атау енгізілді, олардың ішінде кран қозғалтқыштарының бөлшектері, арнайы жабдықтарға арналған компоненттер және шағын мотоциклдер бар. Бұл шектеулер Ресейдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға жол бермеу үшін қабылданған.
Сонымен қатар, химиялық қару жасауға пайдаланылуы мүмкін капсаицин сияқты химиялық заттар да тыйым салынған тауарлар қатарына қосылды. Экспортқа қойылған бұл шектеулер 23 қаңтарда күшіне енеді.
Үкімет шешімінде санкцияларды айналып өтуге көмектеседі деп күдікке ілінген алты елдегі 31 ұйымға экспортты шектеу қарастырылған. Бұл елдердің арасында Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Қытай, Қырғызстан, Таиланд және Түркия бар. Алайда, санкция салынған ұйымдардың нақты атаулары жарияланбады. Осыған байланысты, Қазақстанның Индустрия және құрылыс министрлігіне қосымша ақпарат алу үшін сұрау жіберілді.
Сонымен қатар, Ресейдің 11 жеке тұлғасы, 29 ұйымы және 3 банкі активтерді бұғаттау тізіміне енгізілді. Бұған қоса, ресейлік емес бір жеке тұлғаның және бір банктің активтері де бұғатталды.
Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Есимаса Хаяши баспасөз мәслихатында Жапонияның Украина дағдарысын реттеуге бағытталған халықаралық күш-жігерге үлес қосуды жалғастыратынын және G7 елдерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтінін атап өтті.