7 қаңтарда Қаскелең қаласындағы «Жер-Ана» базары аумағында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, бутикте өрт шықты.
Алматы облысы ТЖД мәліметінше, өрт салдарынан 10 шаршы метр аумақтағы төбе жабындары мен жиһаздар өртенген. 1996 жылы туған азаматша термиялық күйік алып, зардап шекті.
Өртті сөндіру үшін Алматы облысы ТЖД-ның 11 қызметкері мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды. Оперативті жұмыстардың арқасында өрт 12:45-те толық сөндірілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізілуде.