Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда айласын асырып алименттен жалтарғандар көбейген

Қазақстанда алимент төлемейтіндер саны артып келеді. Олардың көбі нақты кірістерін жасырып айласын асырады. Мүліктері алынып, тіпті бас бостандығынан айыру жазасының берілуі де борышкерлерге әсер етіп отырған жоқ, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі 31 арнаға сілтеме жасап.

10.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Бүгінде жеке сот орындаушыларында барлық ел бойынша осындай 240 мыңнан астам іс бар. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 20 мыңға артық. Олардың көбі Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Жамбыл облыстарында тұрады.

Кейбір аналар балаларға әкелерін көруге рұқсат бермейді, ал олар өз кезегінде қаржылық қолдаудан бас тартады, бұдан балалар зардап шегеді, дейді психологтар.

«Менің ойымша, ата-аналар тіпті дұрыс ажырасуды білмейді. Екі жаққа кеткеннен дұшпанға айналады. Бір-біріне деген жеккөрушілік пайда болады. Сосын балалар арқылы кек алуға тырысады», — дейді психолог Ержан Мырзабаев.

Егер ата-ана үш айдан астам уақыт бойы алимент төлемесе, ол әкімшілік немесе тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Мысалы, Алматыда екі мыңнан астам адам қасақана алимент төлемеген. Олардың қарызының жалпы сомасы 160 млрд теңгеден асты.

Бірақ айыппұл салу немесе екі жылға дейін қамауға алу алимент төлеушілердің өз міндеттемелерін орындауына әсер етіп отырған жоқ.

«Алимент төлемеген адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған кезде, ол шағын соманы, мысалы, бес мың теңге төлеп құтылады. Сот қылмыстық жауапкершілікке тартпайды. Міне басты мәселе», — деп түсіндірді заңгер Құндыз Өтебекова.

Қазақстан ажырасушылардың көптігі бойынша әлемде алғашқы ондыққа кіреді. Ата-аналардың сәтсіз некесінен балалар зардап шекпесі үшін заңды қатаңдатып, алимент төлемеген ата-анаға жазаны күшейту керек дейді заңгерлер.

Тегтер: Қазақстанқоғаммәселе

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Алматы облысында сирек кездесетін түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

АҚШ Иранға соққыларды уақытша тоқтатады: Трамп мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz