Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мемлекеттік қызмет есігі жастар үшін ашық: Болашаққа бет бұрған мүмкіндіктер

Қазіргі уақытта, мемлекеттік қызмет жүйесі Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық дамуына маңызды үлес қосатын салалардың бірі болып табылады.

Мөлдір Иманмади
25.12.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v62), quality = 85

CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v62), quality = 85

Бұл салада қызмет ету – тек қана жауапкершілік пен кәсіби дағдыларды дамыту мүмкіндігі емес, сонымен қатар, қоғамға қызмет ету арқылы өз елінің болашағына үлес қосу мүмкіндігі. Жастар үшін мемлекеттік қызметтің есігі әрдайым ашық, әрі оларға жол ашатын көптеген мүмкіндіктер бар.
Мемлекеттік қызметтің жастарға берген мүмкіндіктері.
Қазақстанда мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігін арттыру үшін жастарды тарту маңызды. Жастардың жаңашыл идеялары мен технологиялық жетістіктері қазіргі заман талабына сәйкес мемлекеттік қызметтің жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді. Жастар үшін түрлі бағдарламалар мен конкурстар ұйымдастырылып, олар мемлекеттік қызметке өз қабілеттерін сынап көруге мүмкіндік алады. Бұл бастамалар жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырады, сонымен қатар, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне қатыстыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметке жастарды тарту үшін реформалар.
Қазақстанда мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және тиімділігін жақсарту мақсатында жастарды тарту үшін бірқатар реформалар жүзеге асырылуда. Бұл реформалардың басты мақсаты – жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыру, жаңа идеялар мен көзқарастарды енгізу. Олардың ішінде:
1. Президенттік жастар кадрлық резерві (ПЖКР).
ПЖКР – бұл жастардың мемлекеттік қызметке қатысуына үлкен мүмкіндіктер ұсынатын бағдарлама. ПЖКР резервшілері мемлекеттік қызметтің әртүрлі деңгейлерінде лауазымдық қызметтерге тағайындалу мүмкіндігіне ие болады.
2. Өңірлік кадрлық резервтер.
Өңірлерде жұмыс істейтін жас мамандар үшін арнайы резервтер құрылып, оларға мемлекеттік қызметтің әртүрлі салаларында қызмет ету мүмкіндігі беріледі. Өңірлік резервтер мемлекеттік қызметке қажетті кадрларды даярлау мен тартудың тиімді тәсілі ретінде қарастырылуда.
3. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік қызметке даярлау және олардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында ашылған білім беру мекемесі. Академияда оқып, мемлекеттік қызметке қажетті білім мен дағдыларды меңгерген жастар түрлі мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге дайын болады, бір жыл ішінде конкурссыз тағайындала алады.
4. Қазіргі таңда жоғары GPA (3,33 төмен емес) көрсеткіші бар жастар үшін мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындалу мүмкіндігі ұсынылады. Бұл – талантты жастарды мемлекеттік қызметке тартудың жаңа әдісі. Егер студент жоғары нәтижелерге қол жеткізсе, ол аталған жүйе арқылы Департаменттің келісімімен тікелей мемлекеттік қызметке тағайындала алады, бұл жастардың дамуына және оларды ынталандыруға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтегі жастардың жоғары лауазымдарға көтерілу мүмкіндігі де мол. Мұның бәрі жастарды ынталандырып, оларды маңызды шешімдер қабылдауға, стратегиялық бағыттарды анықтауға атсалысуға шақырады.
Мемлекеттік қызметтің есігі жастар үшін ашық және оларға үлкен мүмкіндіктер ұсынады. Жастардың жаңашыл көзқарастары мен креативті идеялары еліміздің мемлекеттік басқару жүйесіне жаңа серпін беруі мүмкін. Әр жас маман өз білімін, дағдыларын, тәжірибесін мемлекеттік қызметте тиімді пайдалана отырып, болашаққа зор үлес қоса алады.

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы облысы бойынша департамент басшысының
м.а. Б. Копдикбаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz