Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабының 4-тармағында әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі делінген.

Мөлдір Иманмади
24.12.2024
Мақала

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабының 4-тармағында шұғыл, күнi бұрын болжанбаған жұмыстарды орындау үшiн мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа, демалыс және мереке күндерiндегі жұмысқа тартылуы мүмкiн деп белгіленген.

Бұл ретте, көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе жұмысына мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтемақы төленеді.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 108-бабының талабы бойынша жұмыскерге үстеме жұмыс істегені үшін ақы төленеді немесе тынығу сағаттары беріледі. Бұл ретте, үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

Егерде мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа тартылса онда мемлекеттік қызметшінің келісімі және тиісті мекеме басшысының бұйрығы болуы қажет.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшінің үстеме жұмысы бойынша тиісті құжаттар болмаған жағдайда, яғни (бұйрық, мемлекеттік қызметшінің келісімі) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 89 бабына сәйкес, лауазымды тұлғаға (бөлім немесе мекеме басшысы) бірінші ескерту түрінде хаттама толтырылады, дәл сондай іс әрекет бір жылда қайталанатын болса 40 айлық есеп көрсеткіш бойынша айыппұл салынады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы                            № 121 бұйрығына сәйкес, Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторингті тұрақты негізде жүргізеді.

2024 жылдың 4 тоқсанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен үстеме жұмысқа заңсыз тарту фактісі бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында жергілікті атқарушы органдардың басшыларына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 89-бабына сәйкес, ескерту түрінде әкімшілік хаттамалар толтырылып, 27 мемлекеттік қызметкерге үстеме жұмыс кезеңдері үшін демалыс сағаттары беріле отырып, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, Департаментпен мемлекеттік қызметшілерді заңсыз үстеме жұмысқа тарту бойынша қашықтықтан жүргізілген мониторинг нәтижесінде 52 мемлекеттік қызметшілердің заңсыз үстеме жұмысқа тартылғандары анықталды.

Қорытындысы бойынша, орын алған бұзушылықтарға жол бермеу және қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру бойынша әкімдіктің басшылығына ұсыныс енгізе отырып, мемлекетік қызметшілерге тынығу сағаттары беру арқылы бұзылған құқықтары қалпына келтірілді .

Мемлекеттік органдардың басшылары еңбекті, денсаулықты қорғауға, тиімді қызмет ету үшін қауіпсіз және қажетті жағдайлар жасауға, сондай-ақ қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасауға бағытталған шаралар қабылдауға тиіс екенін атап өткен жөн.

Қорытындылай келе, жоғарыда аталған мемлекеттік қызметшілердің конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесі басты назарда, ол барлық мемлекеттік органдардың назарында болуы керек деп есептеймін.

 

 

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы облысы бойынша департамент басшысының

м.а. Б. Копдикбаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz