Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жемқорлықпен күресте қоғамның рөлі артуда

Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес белсенді түрде жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Серікпайұлы баяндады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.12.2024
Аймақ, Алматы облысы

Өңірдегі жемқорлыққа қарсы басты құралдардың бірі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы. Бұл карта тұрғындар көтерген маңызды мәселелерді жүйелеп, шешімін табуға бағытталған. Биылдың өзінде карта негізінде енгізілген 83 ұсыныстың 59-ы орындалып, оң нәтижелер берді.

Спикердің айтуынша, коррупцияға қарсы жұмыстардың маңызды бөлігі ретінде волонтерлік жобалар іске асырылуда. Бұл жоба аясында белсенді азаматтар заңсыздықтарды анықтап, оларды шешу жолында үлкен жұмыс атқаруда. Мәселен, Шонжы ауылдық округінде заңсыз берілген жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Ал әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат негізінде аурухана дәрігерінің пара алу фактісі әшкереленіп, қылмыстық іс қозғалды.

“Қоғам белсенділерінің бақылауы әлеуметтік маңызды нысандардың құрылысын аяқтауға да ықпал етті. Жамбыл ауылындағы Мәдениет үйінің құрылысы қараша айында толық аяқталып,пайдалануға берілді”, — деді Болат Серікпайұлы.

Бұдан бөлек,бизнеске қолдау көрсету де департаменттің басты міндеттерінің бірі. «Бизнеске жол» жобасы аясында кәсіпкерлерге түрлі кедергілерді еңсеруге көмек көрсетілуде. Іле ауданында кәсіпкерге 3 млрд теңгеге сауда орталығын салу үшін құжаттарын рәсімдеуге кедергілер жасалғаны анықталып, мәселе оң шешілді.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz