Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жаңа Алатау қаласы қай ақшаға салынбақ?

Мөлдір Иманмади
18.12.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жақында билік Алатау қаласын дамытудың бас жоспары — «болашақтың мегаполисі», қазақстандық флагмандық жобаны келісті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров оны қандай ақшаға салатынын айтты.

Мәжілісте ол инвестициялық ақша есебінен дамып жатқан Түркістан қаласын мысалға келтірді. Оның айтуынша, Алатауда да осындай схема болады.

«Ол бюджет қаражаты есебінен салынбайтыны түсінікті, бұл орынсыз. Біз онда арнайы экономикалық аймақтар құрамыз, жалпы қаланың өзі-арнайы экономикалық аймақ. Осы қағида бойынша Алатау салынады. Әрине, жергілікті билікті ұстауға кететін шығындар бар (ол Бюджеттік шығындар). Әкімдік, мемлекеттік мекемелер құрылып жатыр. Олар тиісті мемлекеттік органдардың бюджеттерінде ескерілетін болады», — деп түсіндірді Нұрлан Байбазаров.

Ол жұмыстың енді ғана басталғанын атап өтті (билікте нақты сандар мен инвесторлар жоқ). Әзірге Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқаратын Алатау құрылысы жөніндегі жұмыс тобы ғана құрылды. Алайда, қалалық инфрақұрылым бюджеттік ақшаға салынатын болады.

«Жалпы қалалық инфрақұрылым бар, ол да қазір барлық өңірлерде жасалып жатқан бюджет қаражатынан ішінара қаржыландырылатын болады. Әрине, біз бюджет есебінен қонақ үйлер мен мейрамханалар салмаймыз деп ойлаймын. Мұны бизнес жасауы керек — бұл үшін ерекше жағдайлар жасалып, жеңілдіктер беріледі», — деп толықтырды министр.

Соңғы жаңалықтар

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акжаркын
21.09.2026

«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік пен игі бастама

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz