Мәжіліс депутаты Абзал Құспан қаза тапқан Шерзат Полат пен оның ағасына қатысты іс бойынша мәлімдеме жасады. Ол қазақстандықтардан ресми дереккөздерге сенуді сұрады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Ол депутат, заң ғылымдарының докторы Унзила Шапакпен бірге Алматы облысына барғанын айтты. Олар облыс прокуроры Берік Абызбайұлымен және ІІББ бастығы Мейрам Жұмкенұлымен кездесті.
Мәжілісмен қоғам тарапынан қысым тергеудің объективтілігіне әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Прокуратураның мәліметінше, қасақана кісі өлтірді деген күдікпен 11 адам ұсталған. 170-тен астам куәгерден жауап алынып, тергеу үшін 40-қа жуық сараптама тағайындалды.
Депутат Нұрғанат Нұрғайыптың қайтыс болу жағдайлары да мұқият тексеріліп жатыр деп сендірді.
«Мен тергеу процесі мен ресми ақпаратты үнемі жұртшылықпен бөлісетін боламын. Расталмаған деректерден аулақ болуға және ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамын. Заң мен әділеттіліктің Үстемдігі жолында бірге болайық!»- деп жазды Абзал Құспан Facebook-те.





