Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта жол қауіпсіздігі мақсатында 620 дана белгі орнатылды

Мөлдір Иманмади
10.12.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бұл туралы жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиев мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Сөзінше, қалаішілік жолдардың ұзындығы 213,81 шақырым, оның ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жол 181,7 шақырымды немесе 85%-ды құрайды.

«Биыл 9 көшенің жолына ағымдағы жөндеу, ал 22 көшеде шұңқырларды жамау жұмыстары жасалған. Бұдан бөлек, 8-10 шағынауданның жолы күрделі жөндеуден өтуде. Көшенің ұзындығы 14,3 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда 35 пайыз құрылысы аяқталған. Жоба 2025 жылға өтпелі», – деді бөлім басшысы.

Бағдат Алиевтің мәліметіне сүйенсек, Қапшағай су қоймасының жағалауы туристік картаға енгізілуіне байланысты биыл «Morelux» демалыс аймағына баратын жол ағымдағы жөндеуден өткен.  

«Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 620 дана белгі орнатылды, мүгедектігі бар адамдарға арналған 30 тұрақ белгісі қойылды, 3042 шаршы метр жолақ сызылды. Гүлдер, Арна, Восточный шағынаудандарына 23 аялдама қойылуда», — деді ол.

Ал жолаушылар тасымалы мәселесіне келсек, қазір қалада 9 бағытта автобустар қатынап жүр. Қоғамдық көліктердің жалпы саны – 28. Ендігі жылы 4 автобус сатып алу жоспарланған.

Сонымен қатар бөлім басшысы Кешенді даму жоспарына сәйкес, 16 жобаның сметалық құжаттары әзірленіп жатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акжаркын
21.09.2026

«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік пен игі бастама

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz