Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанда теміржол жолаушылар тасымалы жүйесін жақсартуды ұсынды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Көлік министрлігінде өткен кездесуде негізгі мәселелер талқыланды. Ол вагондардың сапасыздығы, билет тапшылығы және пойыздардың жиі кешігуі. Жеке тасымалдаушылар мемлекеттен қомақты субсидия алғанымен де тиісті қызметпен қамтамасыз етпейді. Бұл жиі жолаушылардың шағымын туғызады.
«Бұл жолаушылардың вагондардың санитарлық және техникалық жағдайына қатысты көптеген шағымдарына әкеледі. Сонымен қатар, билет тапшылығы және азаматтарға қолайсыздықтар туғызатын пойыздардың тұрақты кешігуі мәселелері атап өтілді», — делінген хабарламада.
Антикор субсидиялау әдістемесін қайта қарауды, цифрлық бақылау жүйелерін енгізуді, сапаны бағалау критерийлерін белгілеуді және бұзушылықтар үшін айыппұлдарды енгізуді ұсынды. Сондай-ақ, жаңа вагондардың үлесін ұлғайту және көлік компанияларына аудит жүргізу ұсынылды.