Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Түркиядан келген дәрігерлер мастер-класс көрсетті

Мөлдір Иманмади
22.11.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы өңірлік көпсалалы клиникасында мастер-класс өтті, онда модификацияланған радикалды мастэктомия бойынша Түркиядан келген профессор, дәрігер онкомаммологпен бірлескен ота жасалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мастер-класс «Medikalpoint»клиникасы меморандумына сәйкес өткізілді.

Операция жасаған хирург Шюкру Бойлу — жоғары білікті маман. Оның сүт безінің эндокриндік және онкологиялық хирургиясындағы тәжірибесі 30 жылдан асады. Дәрігердің мамандануы осы саладағы операциялардың кең спектрін қамтиды. Соның ішінде сүт безі қатерлі ісігінде жасалған мастэктомиядан кейін сүт безін қалпына келтіру. Шукру Бойлу жаңа хирургиялық әдістерді әзірлеуге және оқытуға белсенді қатысады, хирургия саласында 3 патенті бар және көптеген басылымдардың авторы.

Түркия мамандары емдеудің ең жақсы нұсқасын талқылау кезінде дәрігердің пікірін тыңдап, нәтижеге жету үшін онымен бірге жұмыс істеу керек екенін атап өтті. Алматы өңірлік көпсалалы клиникасының онкомаммолог-дәрігері, Phd докторы Айдаров Дәулет Есқожаұлының айтуынша, мастер-класстың мақсаты, әрине, Қазақстанның, Алматы облысының операциялық онкомаммологтарының кәсіби шеберлік деңгейін арттыру.

«Біз мастер-класс кезінде болашақта өз тәжірибемізде пайдалана алатын жан — жақты білім мен дағдыларды алдық», — деп қорытындылады Дәулет Есқожаұлы.

Айта кетейік, клиника мамандары Қытайда, Түркияда, Ресейде және әлемнің басқа елдерінде өз дағдылары мен білімдерін үнемі арттырып отырады.

Соңғы жаңалықтар

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акжаркын
21.09.2026

«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік пен игі бастама

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz