«Шайн мускат» жүзімі құрымында зиянды организмдердің бар-жоғына тексеріліп, жидектегі нитрат деңгейіне сараптама жүргізілді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жүзім құрамынан зиянды организмдер анықталған жоқ.
«Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша ҚР АШМ АӨК МКК өсімдіктер карантині республикалық орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді. Карантиндік фитосанитариялық қорытындыға сәйкес карантиндік зиянды организмдер анықталған жоқ», — делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Абай облысы бойынша филиалымен (ҚХР шекарасында) «шайн мускат» құрамындағы нитраттардың мөлшеріне зерттеуі жүргізді. Оның нәтижелері өнімдегі нитраттардың мөлшері 13,7 мг/кг болғанын көрсетті. Бұл аталған өнім үшін нормаға сай көрсеткіш.